Біздің Дарья

Гончарова ДарьяБүгінгі таңда елімізде спорттың қай түрі болмасын қарқынды дамып келеді. Әсіресе, шорт-трекке  қызығушылық белсенді екендігін анық аңғаруға болады. Шорт-трек XIX ғасырдың соңына таман пайда болған спорттың бір түрі. Ал оның Қазақстан да қалыптасып  дамуы 20 жылдан астам уақытты қамтиды. Шорт-трек спорты негізінен конькимен жүгіру жарысының бір түрі. Алайда, шорт-трек спортында конькишілер қысқа қашықтықта ғана жарысады.
Рудный еліміздегі шағын қалалардың бірі болса да, мұнда қысқы спорт түрлерін дамытуға нақты көңіл бөлінген. Әсіресе,  спортқа бейімі бар жастардың  "Горняк"  спорттық сауықтыру кешенінде  шорт-трекпен айналысуға мүмкіндігі көп.
Ы.Алтынсарин атындағы әлеуметтік-гуманитарлық колледжіндегі "Дене шынықтыру және спорт" мамандығының 3  курс студенті Дарья Гончарова аталған спорт түрінен ел намысын қорғап жүргелі көп болды. Ол Азия чемпионатының жүлдегері , спорт шебері.
Дарьяның да спортқа келуінің өзі қызық. Екі жастан асқанда анасы Дарьяны би үйірмесіне қатыстырады. Сөйтіп, ата-анасы қыздарының талантты биші болатынына сенімді еді. Бірақ, отбасылық жағдайға байланысты Дарьяның бишілік өнерден қол үзуіне тура келеді. Уақыт бір орнында тұрмайтыны анық. Ол үшінші сыныпта оқып жүргенде шорт-тректен спорт шебері Юлия Коретникова талантты жасты өз қол астына алғысы келетінін айтады. Оған әрине, төзім керектігін ескертеді.
Кейін жаттықтырушының тынымсыз еңбегінің арқасында шорт-трекке  бой үйреткен Дарьяны орта топқа ауыстырады. Кішкентай кезінен  спортқа бейімі бар жас спортшының балалық шақтағы арманы толысып  өмірлік мақсатқа айналды. Енді соған жетуде талмай еңбектеніп жүр. Үзіліссіз еңбектің  нәтижесі де  қуанарлық. Талай рет жеңіс тұғырына көтеріліп, Қазақстанның көк туын желбіретті.
Айта берсек спортшы асқан белестері аз емес. Мәселен, 2008 жылы Тайпей қаласында эстафеталық жүгірісте 1-орын, ал жекелеген есепте  1000 метрлік қашықтықта 3-орын, 500 метрлікте 2-ші орынға ие болды. Ал, 2010 жылы шорт-тректен Орал қаласында өткен  Қазақстан біріншілігінде эстафеталық жүгірісте жүлделі 1-орынға ие болып қана қоймай, ҚР спорт шеберінің нормасын орындады. Халықаралық және республикалық спорттық жарыстарда қарсыластарын "шаң қаптырған" спортшы 2013 жылы  жаттықтырушылыққа ауысты. Бүгінде  ол  өзі де қаладағы  "Горняк" спорттық-сауықтыру кешенінде шәкірт тәрбиелейді.
 Дарьядай намысты қолдан бермейтін спортшы қыздарымыз бар да ел  спорты қарыштай берері даусыз. 
Айбек  Молдабеков,
Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің қазақ тілі пәнінің оқытушысы.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓