Жаңа жабдықтар әкелінеді

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Рудный қаласындағы бокс мектебінің тыныс-тіршілігімен танысты. Өңірдегі атақты боксшы Иван Дычкомен кездесіп, алдағы олимпиада ойындарына деген дайындығын бақылады.IMG_2156
Жаз айларында Бразилияда өтетін байрақты бәсекеде облыс атынан И. Дычко ғана аттанады. Сол себепті де Иванға артылар жүк ауыр. Өңір басшысы спортшыны облыстың барлық тұрғыны қолдау керек екенін айтып, олимпиадаға деген әзірлігін күшейту үшін 1 млн. теңге қаржы сыйға тартты.IMG_2163
-Рио-де-Жанейрода еліміздің, сондай-ақ, облысымыздың намысын қорғайсың. Өзіңді тағы бір мәрте мойындатып, ел абыройын асқақтатуға тиіссің. Оның үстіне, сен нағыз бабыңдасың, барлық күш-қуатын бойыңда. Жерлестерің саған сәттілік тілейді,-деп өз ықыласын білдірді А. Мұхамбетов.IMG_2207
Жақын арада боксшы Астанаға жол жүреді. Ол олимпиадалық құраманың қатарына қосылады. Сол жақта дайындығын шыңдайды.
Сонымен қатар, тозығы жеткен ғимараттың мәселесін талқылады. Бокс мектебінің директоры Владимир Шайрер мүмкін болса жаңа орынға көшуді жоспарлайтынын тілге тиек етті. Әлем, олимпиада чемпиондары шыққан спорт ордасының жағдайы тым нашар.IMG_2177
IMG_2138
Ауасы да жеткіншектердің еркін тыныстауына мүмкіндік бермейді. Алайда, мектеп жекеменшік иелігінде болған соң билік өкілі қол ұшын бере алмайды. Дей тұрғанмен болашақта облыс билігі мәселені шешуге уәде берді. Жаңа ғимаратқа көшіріп, тынысын кеңейтуге бар күшін салатынын айтты облыс басшысы.IMG_2203
 
IMG_2201Астықты өңірдің басшысы А. Мұхамбетов қолынан келген көмекті аяп қалмады, әзірше облыстың бюджеттік қорынан 5 млн. теңге бөліп, жаттығу құралдарын алуды бұйырды. Басы-қасында жүріп, істі аяғына дейін жеткізуді Рудный қаласының әкіміне тапсырды. Осылайша, болашақ чемпиондарды дайындайтын бокс мектебі бір серпілді.      IMG_2214
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ.
 Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓