Дычко кәсіпқой боксқа ауысады

Рудныйлық боксшы, Олимпиаданың екі дүркін қола жүлдегері Иван Дычко кәсіпқой боксқа ауысады. Спортшы екі промоутерлік компаниядан ұсыныс қабылдап та үлгерген. Бұл туралы бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері Мырзағали Айтжанов республикалық Sports.kz интернет-порталына берген сұхбатында айтты.дычкоо
Қазіргі уақытты ұлттық құрама Алматы облысындағы AIBA бокс Академиясында оқу-жаттығу жиындарына кіріскен. Жаттықтырушының айтуынша, Данияр Елеусінов пен Иван Дычко жеке қоңырау шалып, таяу келешекте кәсіпқойлар рингінде бақтарын сынағысы келетіндерін айтып сұраныпты.
"Біз олардың шешімдеріне сыйластықпен қарадық, қолдадық және сәттілік тіледік. Олар – ғалам үздіктерінің қатарынан көрініп, қазақстандық бокстың табысын еселеген былғары қолғап шеберлері,- деді М.Айтжанов. – Иван Дычко екі промоутерлік компанияның назарына ілігіп отыр. Олимпиаданың екі дүркін жүлдегеріне олардың ұсыныс жасауы бекерлік емес. Иванға құрама атынан рахмет айта отырып, жарқын жеңістер тілейміз".
Жаттықтырушы И.Дычконың орнын жоқтатпайтын ауыр салмақты жігіттер баршылық екенін айта өтті. Мәселен, Қамшыбек Қонақбаев, Олжасм Букаев, Нұрлан Сапарбай және өзге де тегеурінді спортшылар жаттығуды жалғастыру үстінде. Бұл жас боксшыларға халықаралық турнирларда өздерін көрсетіп, тәжірибе жинақтауына жақсы мүмкіндік беріліп отыр.дычко
Ал Дычконың кәсіпқой рингтегі келешегіне М. Айтжанов екіұдай жорамал жасайды:
-Оны кім жаттықтырып, кіммен айналысатыны белгісіз. Белгілісі – кәсіпқой бокста Дычкоға оңай болмайды. Бұл туралы біз оған құрама сапында бар кезінде де айтқанбыз. Иванға рингте көбірек агрессия керек, неғұрлым көбірек соққы жұмсауға машығуы қажет. Осы тұстар оған әзірге жеткіліксіз болды. Иә, ол аяқпен жаман жұмыс істемейді, жекпе-жекті сезінуі, шеберлігі де жоқ емес. Орта деңгейдегі боксшы Дычко бағындырған биікке жете алмас еді. Егер Иван аянбай еңбектенсе, физикалық қалпын жақсартса және жақсы бапкерге жолықса, ол өзін көрсетуге қабілетті. Мен, әрине, Дычконы Геннадий Головкин немесе Василий Жиров сияқты чемпион болады деп кесіп айта алмаймын… Оның өз себептері бар. Оның мәнері әуесқой боксқа көбірек келеді. Алайда бұл Иванның өз шешімі, өз болашағы. Сондықтан біз оған қолдау білдіруіміз керек.
Қазіргі уақытты И.Дычко отбасымен бірге Доминиканда демалыста, жаңа мансабын алдында күш жинап жатыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓