Шекарадан 9 келі есірткі алып өтпек болғандар құрықталды
Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінің шекарасынан 9 келі есірткі алып өтпек болғандар қолға түсті. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Аталмыш оқиғаны Қостанай өңірінде орналасқан «Қайрақ авто» өткізу бекетінің қызметкерлері иіс сезгіш иттің көмегімен анықтаған. Олар кедендік тексеру кезінде «Рудный – Магнитогорск» бағытындағы автобустан есірткі салынған 5 түйіншекті тауып алды. Қазіргі таңда олардың төртеуіне 8 келі марихуана, ал біреуіне 760 грамм наша салынғаны белгілі болып отыр. Ірі көлемдегі есірткіні жолаушылар тасымалдайтын көліктің жүк салғышындағы спорт сөмкесіне салыпты. Осы дерек бойынша Ресей Федерациясының екі азаматы құрықталып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Мешіт Ғазиз