Пилоттық жоба іске қосылды

Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев судьялардың кеңейтілген жиынында Торғай өңірінен түсетін апелляциялық шағымдарды Арқалық қаласында қашықтықтан қарау бойынша пилоттық жобаның іске қосылғандығы туралы хабарлады.сот
Облыс орталығынан 700 шақырымға дейінгі қашықтықта орналасқан Арқалық, Аманкелді және Жанкелдин аудандарынан түскен қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша апелляциялық шағымдар бейнеконференцбайланыс арқылы, шамамен әр сейсенбіде қаралатын болады. Ол үшін шағым жазушылар өз арызында ол туралы көрсетуі немесе жеке өтініш жазуы керек.
-Бұл жоба азаматтар мен заңды тұлғалардың мүмкіндігін кеңейтіп, тараптардың іс бойынша өз ұстанымын айтуға және уақыты мен қаражатын үнемдеуіне жағдай жасайды, – дейді А.Мерғалиев. 
Сот төрелігін жүзеге асыру сапасын қорытындылауға арналған кеңейтілген жиынға аудандық және оған теңестірілген сот төрағалары мен судьялары онлайн режимінде қатысқанын атап өту керек. Осы форматта өткен жылы орын алған сот актілерінің өзгертілуі мен жойылуы себептері бойынша семинар өткізілді.
Бұл бастамалар Мемлекет  басшысының судьялардың VII съезінде, Жолдауда, Ұлт жоспарында және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын  жүзеге асыру мақсатында және Жоғарғы Сот төрағасының қолжетімді және ыңғайлы сот жүйесін IT-сервистер арқылы кедергісіз қалыптастыру бойынша тапсырмасын жүзеге асыру аясында жүзеге асып отыр.
Облыстық соттың баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓