Жылдың «Үздік дәрігерін» әлеуметтік желілер арқылы анықтауға болады

Облыс аумағының тұрғындары әлеуметтік желілерде дауыс беру арқылы жылдың «Үздік дәрігерін» таңдай алады. Бұл жөнінде «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалының баспасөз хатшысы Инеш Әбілдинова мәлімдеді.
дәрігер Оның айтуына қарағанда, бұл байқау медицина қызметкерлерінің беделін арттыру, олардың қызметтерін бағалау және мамандарды ынталандыру мақсатында қолға алынып отыр. Байқау аясында әлеуметтік желілер, облыстық, қалалық және аудандық БАҚ арқылы, тұрғындар арасында сауалнама жүргізіледі. Сондай-ақ, қала тұрғындары телефон арқылы да дауыс бере алады. Сайыс жеңімпаздары 3 аталым бойынша анықталады: «Дәрігер», «Медбике» және «Кіші медицина қызметкері» таңдалмақ.Дауыс беруші тұрғындар өзі таңдаған ақ халатты абзал жанның аты-жөнімен қоса, оның жеке басының қасиеттері мен еңбек жолын баяндауы керек. Мұндағы мақсат – қала тұрғындарына өзіне ұнаған дәрігерді халыққа жариялауына мүмкіндік беру, осылайша, бұл мамандық иесінің бойындағы адамгершілікті жұртшылыққа паш ету, медицинаның дамуына өз үлесін қосу. Байқаудың жеңімпаздары 2014 жылдың 10 маусымында анықталады.
Мешіт Ғазиз

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓