Қостанайда Қазақстан-Беларусь мемлекеттерінің бірлескен кәсіпорны құрылады

Қостанай қаласында Қазақстан-Беларусь мемлекеттерінің бірлескен кәсіпорны астық жинайтын «Есіл-760» комбайны мен мал азығын жинайтын «КСК-603» комбайндарын құрастыруды жоспарлап отыр. Бұл жөнінде Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Мұрат Дәрібаев мәлімдеді.
мұрат дәрібаев Оның айтуына қарағанда, облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов бастаған қостанайлық делегация былтыр Беларусь мемлекетінде болып, ондағы ірі кәсіпорындардың жұмысымен танысыпты. Сол сапарда бірқатар екіжақты келісімдерге де қол қойылған болатын. Осы келісімдердің нәтижесінде облыс орталығындағы «АгромашХолдинг» АҚ-ы мен беларусьтің «Гомсельмаш» кәсіпорны бірлесе отырып, ауыл шаруашылығы техникаларын шығаратын бірлескен кәсіпорын ашу мәселесін қарастырмақ. Бұл жоба жүзеге асқанда астық жинайтын «Есіл-760» және мал азығын дайындайтын «КСК-603» комбайндары құрастырылмақ. Қазіргі таңда бірлескен кәсіпорынды құру туралы құжаттарды рәсімдеу шаралары мен құрылғыларды жеткізуге арналған келіссөздер жүріп жатыр. Ерекше бір тоқтала кетер жай, өңірдегі «АгромашХолдинг» АҚ 2003 жылдың наурыз айынан бері жұмыс істеп келеді. Бұл кәсіпорын автокөлік және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау мақсатында бұрынғы Қостанай дизель зауыты базасында құрылған болатын.
Мешіт Ғазиз

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓