Басты мақсат – сапалы қызмет көрсету

Бүгінде жойылған және қайта құрылған ұйымдар мен кәсіпорындардың жеке құрам бойынша құжаттар санының көбеюіне, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға қатысты, азаматтардың әлеуметтік жеңілдіктер мен өтемақыларға құқығы бар екендігін растайтын әлеуметтік қамтамасыз ету органдарына қосымша анықтамалар ұсыну қажеттілігіне байланысты мемлекеттік мұрағаттарға келіп түсетін әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұранымдардың да саны өсуде. Сондықтан, бұл бағытта мекемелер қызметінің тиімділігі, мерзімді және сапалы қызмет көрсетуі, азаматтардың қанағаттанушылығы маңызды критерийі болып табылады. Осыған байланысты, қазір «мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің сапалы мониторингі мақсатында мұрағатқа жеке өтініш білдіргенде міндетті түрде карточкалар жүргізіледі. 2014 жылы Қостанай облысының мемлекеттік мұрағатымен 3280 өтініш есепке алу карточкалары арқылы толтырылды.
Жалпы, облыстық мұрағатта мемлекеттік қызмет түрін пайдаланушыларға барлық жағдай жасалған. Мүмкіндігі шектеулі жандардың да ғимаратқа емін-еркін кіріп-шығуы үшін пандус орнатылды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттар ведомстволық интернет-ресурста, ғимараттың фойесіндегі ақпараттық стендттерде, «электрондық үкімет» веб-порталында, халыққа қызмет көрсету орталығының интернет-ресурсында орналастырылған.
Иә, қазақстандық қоғамның әлеуметтiк-экономикалық жаңғыртуының басым бағыттарының бiрi – халыққа мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын жоғарылату. Сондықтан, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы орындау – мұрағатшылардың жауапкершiлiгі мен кәсіпқойлығын бағалаудың маңызды критерийі болып табылады.
М.АЛЕКСАНДРОВА,
Қостанай облыстық мұрағатының азаматтардың сұрау салуларымен жұмыс жасау жөніндегі бөлім басшысы.