Облыстың Кедендік одаққа мүше елдермен сауда-саттық байланысы нығайып келеді

Қостанай облысы Кедендік одаққа мүше елдермен сауда-саттық байланысы күн санап нығайып келеді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің баспасөз жиынында облыс әкімінің орынбасары Мұрат Дәрібаев айтып берді.
кеден Облыс әкімі орынбасарының мәлімдеуінше, былтыр облыстың Кедендік одақ елдерімен сыртқы сауда айналымы 1,5 млрд АҚШ долларына жеткен. Осылайша, Қостанай еліміздегі өзге облыстардың арасында 6-шы орынға табан тіреген. Өңірдегі экспорт 971 млн АҚШ долларын құраса, импорт 581 млн долларға дейін азайды. Кедендік одақ елдеріндегі экспорттың негізгі бөлігін темір рудасы өнімдері мен астық құрап отыр. Сондай-ақ, облыс аумағында негізінен халық тұтынатын тауар түрлері жиі импортталады. Олардың арасында көлік құралдары, тұрмыстық техникалар, дәрі-дәрмектер бар.
Мешіт Ғазиз

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓