Жаңа жабдықтар шығынның алдын алмақ

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті журналистерге арналған пресс-тур ұйымдастырған болатын. Іс-шара барысында "Қостанай-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындағы соңғы үш жылда атқарылған шаралар сөз болды.
"Қостанай-Су" МКК 2011-2013 жылдары қаламыздағы II-ші көтерме сорғыш станцияның жабдықтарын жаңарту және су құбырын тазарту жұмыстарын қолға алды. Құны 71,8 млн.теңге болатын инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында былтыр II көтерме сорғыш станциясының жабдықтары жаңартылған. Атқарылған шараларды қаржыландыру кәсіпорынның есебінен жүргізілді.
– Жаңа  жабдықтар іске қосылғалы  жұмыс  алға басты.  Электр-энергияның шығын нормасы мен нормативтік техникалық ысыраптарды төмендетуге мүмкіндік туды. Желілердегі су қысымының реттелуі судың сапасының жақсаруына ықпал етті. Желілердегі апаттардың саны да азайды, – деді "Қостанай-Су" МКК  бас инженері Қазыбек Шалабаев.
Қымбат
        ДОСЖАНОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓