Жұмысқа орналасады
Бүгінде "Үміт-Надежда" қоғамдық қоры көптеген маңызды жобаларды жүзеге асырып келеді. Жақында қор "Кедергісіз жұмысқа орналастыру" деген атпен тағы бір арнайы жобаны қолға алды. Осы жоба барысында олар мүмкіндігі шектеулі жандарды компьютерлік технология арқылы іс-қағаздарын толтыру, баспа дизайны, фото шығару сияқты жұмыстарды кәсіби түрде оқытып, үйретуде.

Қ.МАРАТҚЫЗЫ.