Ел бірлігі – ең асыл қасиет

– Ассамблея еліміздегі бірлікті сақтауда маңызды рөл атқарып отыр. Соның арқасында Қазақстанды мекен етіп отырған этнос өкілдерінің достығы көрініс табуда. Аталмыш іс-шараның өтуі ұлтаралық келісімнің айғағы емес пе. Мәселен, көрмеге қойылған балауыз шамның тұғыры орыс халқының тұтынатын бұйымы. Тоқыма күртешелер, қысқы жылы киімдер әр ұлттың өкілдерінде кездеседі. Қағаздан жасалған "аққу" бейнесі асқан шеберлікпен жасалған. Қазақ халқы аққуды тазалықтың, пәктіктің, достықтың символы ретінде қадірлеген, – деді аудандық мәслихаттың депутаты, зейнеткер Мәнсия Есенова.
Р.ОЛЖАҒҰЛОВ.
Аманкелді ауданы.