Көмектен шет қалмадық

жанар сайтка
Қысылтаяң шақта, әлемді шарлап барып, елімізге тосыннан жеткен аты жаман індетпен күрес жүргізіліп жатқан кезде, халықтың еңсесі түспеуі үшін әртүрлі топтардағы азаматтарды әлеуметтік қолдаудың артып жатқаны қуантады.
Бейімбет Майлин ауданында кәсібімді ашып, өзімді-өзім жұмыспен қамтып отырған едім. Қазір елімізде төтенше жағдай режімі жарияланғаннан бері шектеу қойылғаны белгілі. Осыған орай менің кәсібім де тоқтап қалды. Бұрын күніне бірнеше нәзік жанның тырнағын жөндеп (маникюр) беретінмін. Ал қазір тұрақты табысымнан айырылып отырған жайым бар.
Алайда табысымыз жүрмей қалған біздерге Үкімет тарапынан көмек көрсетіліп жатқанын естіп білдім. Жергілікті әкімдіктен аталған жәрдемақы туралы анықтап біліп, еgov.kz электронды үкімет порталына өтініш тапсырдым. Үш жұмыс күннің ішінде 42500 теңге жәрдемақы алдым. Осындай қиын-қыстау кезеңде біз сияқты табысынан айырылып отырғандарға мемлекетіміздің жеңілдік көрсетіп жатқаны қуантады.
Аты жаман індеттің беті қайтып, ел еңсесін тіктейтініне сенімім мол!
 
Жанар ӘБІЛОВА,
Б.Майлин ауданының тұрғыны.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓