Мемлекеттік қызмет көрсету үнемі бақылауда
2015 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметшілері Қостанай облысының халыққа қызмет көрсету орталығында Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің ведомствосындағы мемлекеттік органдардың аумақтық құрылымдарының қызметшілерімен семинар-кеңес өткізді. Қостанай облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясымен көрсетілетін қызмет сапасына ерекше көңіл бөлінді.
Халыққа қызмет көрсету орталығындағы қызмет көрсету барысында кездесетін басты мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды.

Сондай-ақ, кездесуде Қостанай облысының ХҚКО-да одан әрі тарату үшін "Қостанай – сыбайлас жемқорлықтан бос аумақ" Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнеролигінің тұсаукесері болды.