Көңілді спорттық эстафета басталды

DSCF8170Қаладағы "Жігер" стадионында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай көңілді спорттық эстафета өткізілді.
 Қаланың мәдени ошақтарының арасында тұңғыш рет ұйымдастырылған шараға облыстық қазақ жасөспірімдер театры, облыстық №2 ғылыми-әмбебап кітапханасы, облыстық "Дала өлкесі тарихы" мұражайы және қалалық мәдениет     сарайының қызметкерлері қатысты.  
Елбасының салауатты өмір салтын ұстануға үндеген саясатын насихаттауды басты мақсат еткен шараның салтанатты ашылуында қала әкімінің орынбасары Е.Мәметеков құттықтау сөз сөйлеп, қаладағы "Ақбота" халықтық би ансамблінің бишілері өз өнерін көрсетті.
 Тартысты шақта топ аты, ұраны, әні таныстырылып, спортшылар "Жүйрік ат", "Қапшықпен өту", "Бақа жүріс", "Арқан тартыс", "Кім епті?" сынды сайыстардан өзара сынға түсті.
 Жанкүйерлерін жанына көптеп жинаған өміршең шара алдағы уақытта қаланың өзге де ұжымдарының арасында жалғасын табатын болады.
Мұрат
       ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы.
Суретте: жарыстан көрініс.
Суретті түсірген автор.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓