Жаға ұстатқан жарнамалар

IMG_20150208_173746Көшеде ілінген қазақ тілді  жарнамалардағы қателер қаншама мақалаға арқау болды. Айтылды да, жазылды да. Ресми тілден аудара салу, аударғанда да мағынасына қарамай тікелей аударып жаза салу көп. Жарнамалардағы сауатсыздықтың салдарынан қазақша аударғанда не айтайын деп тұрғанын түсіне де алмай дал боласың. Бұл, әрине, мемлекеттік тілге деген көзқа-растың немқұрайлығы, заңның солқылдақтығы. Соның кесірінен қатеге толы жарнамалар көше ортасында бадырайып тұр.
IMG_20150131_095859Мына бильбордтың қала ішінде қате әрі мағынасыз жазумен ілініп тұрғанына біраз уақыт болды. Әлеуметтік жарнамада орысшасы әп-әдемі "Берегите своих близких!" депті де, осы сөздің қазақшасын "Өзінің жақының күт!" депті. Не айтқысы келгенін орысшасына қарамасаң түсіну мүмкін болмайтын еді. Әрі қатеге толы. Бақсақ,  дәл осы жарнама қала ішінде бір жерде емес, осы қалпынша бірнеше жерде ілінген екен. Енді сорақыны қараңыз. Үйімнің маңындағы аялдамада тұрсам дәл сол мағынасыз қате жарнама сол күйінде тағы ілініп жатыр. Ұялы телефонымды алып, суретке түсірдім. Автобусқа мініп екі-үш аялдама жүрген соң мына жарнама тағы назарыма ілінді. Мұнда енді былай депті. "Движение – это жизнь!" десе, қазақшасы "Арада қозғалыста бол!" депті. Ал, енді бұған не дерсіз?
Айтолқын
       АЙҚАДАМОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓