Сегізіншісі – абақты
Полицейлер облыс орталығында жеті пәтерге ұрлыққа түскен бес күдіктіні қолға түсірді. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлайды.
3 ақпан күні Солтүстік полиция бөліміне пәтерден 30 мың теңге ақша салынған әйел сөмкесі ұрланғаны туралы хабар келіп түсті. Сол күні 4 шағын ауданда ұрылар кіре беріс есігінің ішкі құлпын бұзу арқылы пәтерге еніп, ноутбукты жымқырып кеткен. Келесі күні қаланың солтүстік бөлігіндегі пәтерлердің бірінен алтын бұйымдар мен ақша қолды болған. Жалпы шығын – 300 мың теңге.
Барлық қылмыс бір-біріне ұқсас. Қылмыскерлер пәтер есігінің құлыптарын бұзып, тез арада "олжаларын" қоржындарына басып, қылмыс орнынан ізім-қайым сытылып кетіп отырған.

Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері бірқатар іздестіру шарасын жүргізді. Тергеу болжамы бойынша, күдіктілер көлікпен жүрген болуы мүмкін. Ұрлық жасалған үйлерде тұратын куәлардан сұрау жүргізу амалдары басталды. Ұрлық жасалған аудандарда күдікті "Мерседес" көлігі куәгерлер көзіне бірнеше рет шалынғаны анықталды. Полиция қызметкерлері "Автоураган" жүйесінің көмегімен автокөліктің нөмірін анықтады.
Қылмыскерлер көп ұзамай құрыққа түсті. Күдіктілерді ұстау кезінде олар паналап отырған пәтерден есіктерді ашуға арналған құралдар, ұрланған заттар, алтын бұйымдар табылды.
Қазіргі уақытта барлық бес күдікті туралы деректер анықталды. Олардың жасы 26-дан 35-ке дейін. Күдіктілердің үшеуі ұрлық жасағаны үшін бұрын сотталған.
Айта кетейік, облыс аумағында 3-7 ақпан аралығында пәтер ұрлығын ашуға және алдын алуға бағытталған "Пәтер" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілген еді. Бес күн ішінде аймақта осындай 27 ұрлық тіркеліп, оның 23-і ізі суымай тұрып ашылды.