Үйден шыққан граната

Қостанай облысының ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 ақпанда Қарабалық ауданы Елшанов ауылында жарылғыш зат табылған, – деп хабарлайды "Тенгри ньюс" Alau.kz порталына сілтеме жасап.граната
55 жастағы үй иесі гранатаға ұқсас затты шкафынан тапқан.
"Полиция қызметкерлері жүргізген арнайы шаралар барысында, затың жаяу әскерге қарсы қорғаныс үшін қолданылатын Ф-1 гранатасы екені анықталған. Оның сырты коррозияға ұшыраған. Ф-1 гранатасын ІІД қызметкерлері қауіпсіз жерде жарып, көзін жойды", – делінген  ведомство баспасөз қызметі жіберген хабарламада. 
Портал мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓