Кәсіпкерлер апта сайын қабылдауға жазыла алады
Әр аптаның сейсенбісінде Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында Қостанай облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Бауыржан Ұзынжас бизнес өкілдерін қабылдайды.
Кәсіпкерлер алдын ала өтініштерін 87761018007 телефоны бойынша қалдыра алады.
Қабылдау "Бизнеске жол" жобасы аясында өткізіледі.
Кәсіпкерлер палатасының директоры Данияр Күзенбаев барлық мемлекеттік органдармен белсенді өзара іс-қимыл нәтижесі жер қатынастары, субсидиялау және басқа да бағыттар саласындағы өзекті мәселелерді шешуге оң ықпал жасағанын атап өтті.