Қостанай қалалық соты жәбірленушінің арызы бойынша моральдық залал өтемін алуға қатысты азаматтық істі қарады.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өткен жылдың мамыр айында айыпталушы Ф. қаламыздағы Қайырбеков-Киевский көшелерінің бойында келе жатқан жәбірленуші Т.-ға бұзақылық ниетпен дене зақымын келтірген. Нәтижесінде, жәбірленушінің алған зақымына қарамастан сол күні жұмысын жалғастырып, студенттерден емтихан қабылдауына тура келген. Сондай-ақ, ол алған дене жарақатына байланысты емделу үшін дәрі-дәрмекке көп қаражат та жұмсаған. Сондықтан, ол сотта айыпталушыдан моральдық залал өндіріп алу үшін 500 мың теңге талап еткен. Бірақ, сот жәбірленушінің пайдасына Ф.-дан 100 мың теңге моральдық залал өндіріп берді.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Қарлығаш
ОСПАНОВА