Банк қызметкерлері марапатталды


Аталмыш байқау екінші деңгейлі банктердің арасында да өткен болатын. Оған қаладағы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «БанкЦентрКредит» АҚ, «Еуразиялық Банкі» АҚ №7 филиалы, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Нұрбанк» АҚ қатысты. Нәтижесінде «БанкЦентрКредит» АҚ Қостанай филиалы үздік деп танылып, арнайы дипломға ие болды. Өзге қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.


Халыққа қызмет көрсету саласында банктердің атқаратын ролі орасан зор. Себебі ол жерге адамдар көп барады. Клиенттің бірі қазақша сұрақ қойса қызметкердің сөзден тосылғаны өзіне сын. Себебі қазақ тілі мемлекеттік тіл емес пе?! Бұл ретте ҚР Ұлттық Банкі Қостанай филиалын мақтанышпен айтуға болатындай. Себебі онда қызметкерлерді мемлекеттік тілге оқыту жолға қойылған. Сондай-ақ банк ішінде «Тіл құдірет» клубы бар. Сол клубтың мүшелері әр тоқсанның он сегізінде жиналып қазақтың салт дәстүрі, әдет ғұрпы туралы ақпараттармен бөліседі. Әр айдың соңғы сәрсенбісінде қазақ тілі күні өтеді. Оған әр бөлім алма кезек дайындалады.

Қымбат Досжанова
Суретті түсірген Айбек Жүзбай