«Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы»

Көрменің бірінші бөлімі «Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы» қазақ хандығының 550 жылдығына, екінші бөлімі «Ерлікке тағзым» Ұлы жеңістің 70 жылдығына, үшінші бөлімі «Ата заңның асқаралы асуы» ҚР Конституциясының 20 жылдығына, төртінші бөлімі «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған. Сонымен қатар көрмедегі «Қазақстан және әлем», «Әлем мемлекеттері», «Әлем Қазақстан туралы. Әлем Президент туралы» кітаптарында ұлтаралық және дінаралық келісім жүйесін тек сақтап қана емес, оны күшейту қажет – бұл міндет тәуелсіз Қазақстанның өмір сүріп келе жатқан жиырма жылының ішінде шешілгендігі туралы материалдар жинақталған.

Кешті кітапхана директоры Алма Нұрманова қорытындылап, көпшілікке көзайым болған кітап көрмесінің жыл бойы жұмыс жасайтынын айтты.
Мұрат
ЖҮНІСҰЛЫ
СУРЕТТЕРДЕ: Көрме тұсаукесерінен көріністер.
Суреттерді түсірген автор.
Арқалық қаласы.