Сенім

Бақытжан Жангисин атындағы сыйлықIMG_8033цв
Салтанат Өтелбаева
 
 
 
 
 
 
 
 
Күнжамалдың шері
 
Кең дүние тарлық еткелі,
"Алжирдің" ауыр азабын тартып
"Халық жауының" жары деп мені,
Жауапқа алды жазаға тартып.
 
Шеменді шерге толы әр күнім,
Жоғалттым айдай көркімді бүгін.
Сортаңын тартып сорлы  тағдырдың,
Қамалған торға тоты-тірлігім.
 
Көрсем де қанша тозақ қорлығын,
Сенімді болып ақтайтынына,
Көрді көздері қазақ өрлігін,
Сын сағаттарда қайтпайтынына.
 
Маңдайға мұнша сор жазғанына
Өкінбес едім…
Арбауы болмаса.
Бейімбет қалдырған қолжазбаларына
Ие бола алмай қалғаным болмаса.
 
Келер азаттық – сүйінетін күн,
Теңдікке талпынған  ұлтым өкінбес.
Атылғанменен Бейімбет ұлың,
Қазақтың ешкім рухын өлтірмес.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓