Науырзым қорығы өртенді
Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады."9 шілдеде сағат 14.30-да Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының Жанақ алқабы өртенді. Тілсіз жаудың тұтануына құрғақ шөп себеп болған. Өрт 2 га аумақты қамтыды. Оны сөндіруге жеке құрамнан 31 адам, 11 техника жұмылдырылды", – делінеді хабарламада.
Сол күні қорық аумағында кешқұрым тағы да өрт шықты.
"Сағат 20.25-те Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы аумағында Қожа селолық округінің Томай аймағында құрғақ шөптің тұтануынан өрт шығып, 2,5 га жер тілсіз жау тұтқынында қалды. Өрт 20.45-те ауыздықталды", – деді ведомство қызметкерлері.