Облыс орталығындағы киім дүкендерінің бірінен киім ұрлап кеткен бойжеткенге іздеу салынды. Oблыстық ІІД баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, оқиға 16 ақпан күні болған.
«Қостанай қаласы ІІБ қылмыстық істі тексеру бөлімінің қызметкерлері қаладағы киім дүкендерінің бірінен күртеше ұрлап кеткен бойжеткенді іздестіріп жатыр. Күдікті 20-25 жас шамасында. Бойы – 160-165 см», – делінген ІІД хабарламасында.