Арқалағаны – алғыс
Өткен жылдың соңында Комсомол ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылған болатын. Ауылдықтардың игілігі үшін пайдалануға берілген бұл нысанның іші заманауи қажетті құралдармен жабдықталған. Ем қабылдайтын күндізгі бөлімі жұмыс істейді. Бөлек қазандығы, жуынатын бөлмелер, 2 дәретхана, оның біреуі мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған.
– Өз басыма өте ұнайды! Жаңа жұмыс орнында өзіңді өзгеше сезінесің. Ең бастысы, жайлы, кең әрі ұядай. Бұрын пешті өзіміз жағып, шелекпен су тасып қиналушы едік, ал қазір бөлек қазандығымыз, үш от жағушымыз бар.
Ем алушылар көп. Тіпті, Қоскөл, Ленинский және Чапаев елді мекендерінен де келеді. Бір айдың ішінде 200 адамды қабылдаппыз, – дейді емхана меңгерушісі Ольга Ли.
Осындай емдеу орталығының бой көтергеніне ауылдықтар дән риза.
Ольга Ли осы ауылдағы жалғыз дәрігер. Ол – Комсомол ауылында 20 жылдай еңбек етіп келеді. Ауыл тұрғындарына әбден бауыр басқан.
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.