Емханалар үзіліссіз жұмыс істейді

Қостанай облысында емханалар демалыс және мереке күндері жұмыс істейді. 
Атап айтқанда, медициналық мекемелер 24 желтоқсан мен 2023 жылдың 15 қаңтарына дейін науқастарды қабылдауды тоқтатпайды. Емханалар тек 1 қаңтарда ғана демалады. Мұндай шешімді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Данияр Жандаев қабылдады.
"Емханалар демалыс және мерек күндері ЖРВИ және ЖРА-ға шалдыққан пациенттерді қабылдайды. Мұндағы мақсат – жедел жәрдем және қабылдау бөлімі жүктемесін азайту үшін қабылданып отырған шара. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін тіркеу және пациенттерді қолдау қызметінің телефон нөмірлерінің тізімін ұсынамыз", – делінеді басқарманың баспасөз қызметіндегілер. 
Емханалар демалыс және мереке күндері сағат 09:00-14:00 аралығында жұмыс істейді. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓