“Қамқор ана” конкурсы
"Қауіпсіз жол қозғалысы" апталығын өткізу аясында Қостанай қаласы ІІБ полиция қызметкерлері ата-аналар арасында балаларының киімдерін жолда айқын көрінетін жарық белгілерімен безендіруде үздік дизайн бойынша "Қамқор ана" конкурсын өткізді.
Қазылар алқасы бір ауыздан "Қамқор ана" конкурсының үздік дизайнері ретінде Марина Салдыганы атады. Ол жанұясының киімдеріне жарық қайтарғыш элементтерін жапсырып, балаларына жарық қайтарғыш белгілер мен біле-зіктер алған. "Бүгіндері кішкене жаяу жүргіншілерге жолда анық көрінулері үшін көптеген мүмкіндік-тер бар. Менің Даниил және Даша деген балаларымның жолдан өткен кезде қолдарында ұстайтын арнайы жарықтанғыштары бар. Дашаның қолынан тастамайтын сүйікті ойыншығы да жарықтандырғышпен безендірілген", – дейді конкурс жүлдегері Марина Салдыга. Конкурсқа қатысушылар бағалы сыйлықтармен және әкімшілік полициясының грамотасымен марапатталды.
Облыстық ІІД баспасөз қызметі.