3 апат, 7 жәбірленуші
Жол-көлік оқиғалары облыс орталығында, "Әулиекөл-Жалдама" тас жолында және Меңдіқара ауданында болды.
Екі оқыс жағдайды кінәлілер көктайғақтан салдары деп түсіндіреді. Ал облыс орталығындағы ЖКО тәртіп сақшысының сақсыздығы кесірінен болған.
Облыс орталығында болған оқиға жайында бұған дейін мәлімденді ("Апатқа полицей кінәлі"). Осы жайттан кейін, келесі күні Меңдіқара ауданының "Боровской-Молодежный" автожолында 48 жастағы "МТЗ-89" тракторының жүргізушісі көктайғақ салдарынан рөлге ие бола алмай қалып, жол жиегіне құлап кетті. Кесірінен трактордағы жолаушы жапа шекті.
Дәл сол күні "Әулиекөл-Жалдама" тас жолында 33 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны да «Skoda Rapid» маркалы көлігін басқарып келе жатып, қатқаққа тайғанап, жол жиегіне ауып кеткен. Үш жолаушы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Тағы бір әйел жансақтау бөліміне жатқызылды.