Плакаттар сайысы өтті
«2015 жылды ұлттық тарихымызды ұлықтау, бүгінгі белестерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы деп есептеу керек», – деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзін іліп әкеткен ел жұртшылығы жер-жерлерде түрлі іс-шараларды қолға ала бастады.
Осындай шаралардың бірі Рудный индустриялық институтында да көрініс тапты. Студенттік жастар орталығының бастамасымен оқу орнында Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай суреттер мен плакаттар конкурсы өтті. Басты мақсат – қазақ хандығы мен қазақ халқының тарихын, еліміздің өркендеуі мен нығаюына үлес қосқан тарихи тұлғаларды студенттер арасында кеңінен насихаттау. Конкурсқа ұзын саны 30 жұмыс келіп түсті. Әділқазы алқасы туындыларды көркемдік жағынан бөлек мазмұнына да жете мән беріп, нәтижесінде Тоқтар Еламан, Мұстафина Мейрамгүл, Бақбергенова Ұлмекен, Бақытова Ақерке, Семениха Виолетта мен Мұсатаев Айдостың жұмыстарын үздік деп таныды. Барлық қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Қуаныш Есқабыл