Ораза айт – бірліктің, татулықтың белгісі
Жангелдин ауданының тұрғындары таңсәріден айт намазын оқу үшін “Оспанқожа әулие” мешітіне жиналды. Отыз күн ораза ұстап, мұсылмандық бес парызды орындап жүрген жамағат атламыш мешіттің бас имамы Аян Сәбитбекұлымен бірге ұйып, айт намазын оқыды.
Аудан әкімі Асқарбек Кенжеғарин мешітке жиналғандарды Ораза айт намазымен құттықтады.
– Ораза айт мейрамы елімізде мұсылмандарды ғана емес, барша қазақстандықтарды біріктіреді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында бүгін Қазақстан конфессияаралық және ұлтаралық келісім эталоны болып отырғанын әлем жұртшылығы мойындап отыр.
Әр мұсылманның жүрегі жақсылыққа толып, татулық пен достықта, бейбітшілік пен келісімде өмір сүруді тілеймін. Халқымыздың бірлігі мен ынтымағы артып, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, егемендігіміз мәңгі баянды болғай. Ораза айтта отбастарыңыз шаттыққа бөленсін. Алла тағала ұстаған оразаларыңызды, дұға-тілектеріңізді қабыл етсін, – деді аудан басшысы.
Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ,
Жанкелдин ауданы.