Еңбек Ерін еске алды

Сарыкөл ауданында Социалистік Еңбек Ері Ғазиз Сексеновті еске алуға арналған волейболдан жарыс өтті. Оған біздің жерлестерімізбен бірге Ғ.Мүсірепов пен Қарасу аудандарынан келген командалар қатысты.
IMG_4677Үміттерін үкілеп келген волейболшылар әр кезеңді тартысқа толы өткізуге тырысты. Қарсыластар бір-бірлерінен қапы қалмай, әдемі ойын өрнегін көрсетті. Соның нәтижесінде, бірінші орынды Ғ.Мүсірепов құрамасы жеңіп алса, екіншіні алаң иелері еншілеп, ал қарасулықтар үштікке табан тіреді.
IMG_4731Жеңімпаздар, үздік ойыншылар мадақтама қағаздары және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Жалпы, Ғазиз Нұртасұлын еске алуға арналған турнир биыл осымен үшінші жыл ұйымдастырылып отыр.
IMG_4770
Ойын с__т¦нен к__р¦н¦сРуслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓