Бір мезетте үн қосты
Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылуына арқалықтықтар да бір мезетте үн қосты. Қаладағы облыстық қазақ жасөспірімдер театрына көтеріңкі көңіл күймен қадам басып келген ел ең алдымен облыстық "Дала өлкесі тарихы мұражайы" мен №2 облыстық ғылыми – әмбебап кітапхананың айтулы шараға арнаған айшықты көрмелерін тамашалады.

Сахна шымылдығы сан ұлттың нақышты биімен ашылып, қала әкімі Ғ. Бекмұхамедов жиылған қауымды Қазақстан халқы Ассаблеясы жылының ашылуымен құттықтады.

Бірлігі мықты елдің болашағының нық. Татулықты ту еткен қала жастары ән мен күйдің көрігін қыздырып, әр ұлттың өнерін өрістетті.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы