Көкшедегі кездесу
Тамыз айының 8-14 аралығында Бурабайда «Менің бақ-дәулетім-қуатты Қазақстан» атты кәсіби шығармашыл жастардың лагері өтті.
Оған өнерімен өрге жүзіп, әр салада жетістікке жетіп жүрген жастар іріктеліп, қатысты. Қостанай облысынан үш делегат барып келді.
Республикамыздың әр аймағынан жиналған әнші, биші, суретші, тілші, ақын, дизайнер жастар бірінен-бірі озады. Олар жас та болса бас болып әр түрлі салада жемісті еңбек етіп жүр. Білсем, көрсем, үйренсем деп алға қарай талпынған өрендерге қарап тәнті боласың. Керім Көкшеде болған шара туралы «Жастар KZ»тен толығырақ оқи аласыздар.
Қымбат Досжанова