Ауызсу мәселесі шешіледі
Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету біздің облыста маңызды рөл атқарады. 2020 жылы өңірде он мыңнан астам тұрғыны бар 13 ауыл алғаш рет орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылған еді. 2021 жылы үш мың алты жүз тұрғыны бар бес ауыл, атап айтқанда Денисов ауданының Красноармейское ауылы, Қостанай ауданының Алтын дала ауылы, Науырзым ауданының Раздольное ауылы, Ұзынкөл ауданының Ершовка ауылы, Арқалық қаласының Үштөбе ауылдарына алғаш рет орталықтандырылған су құбыры тартылмақ. Сондай-ақ, он екі мың сегіз жүз адам тұратын сегіз ауыл – Меңдіқара ауданының Боровское және Первомайское ауылдары, Денисов ауданының Фрунзенское ауылы, Жанкелдин ауданының Қарасу және Ақкөл ауылдары, Жітіқара ауданының Приречное ауылы, Қарасу ауданының Октябрьское және Железнодорожное ауылдарында сумен жабдықтауды жақсарту жоспарланып отыр, Алты мың тұрғыны бар он үш ауылда – Федоров ауданының Цабелевка, Қарақопа, Александрополь, Таза шаңдақ, Қамысты шаңдақ, Кравцово ауылдары, Қарасу ауданының Аманкелді және Люблинка ауылдары, Жанкелдин ауданының Сарысу және Қалам-қарасу ауылдары, Қостанай ауданының Белозерка, Майкөл және Шеминовское ауылдарында су тазартатын және тарататын пункт орнату жоспарланған. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Алтынсарин, Аманкелді, Әулиекөл, Денисов, Жанкелдин, Жітіқара, Қамысты, Қарабалық, Қарасу, Қостанай, Меңдіқара, Науырзым, Сарыкөл, Ұзынкөл, Федоров, Б. Майлин аудандарында жиырма алты мың тоғыз жүз адам тұратын жүз алты ауылға тасымалданатын суды тарату пункттері орнатылмақ. Болашақта тағы жиырма тоғыз ауылды орталықтандырылған сумен жабдықтау бойынша он сегіз жоба қолға алынады дейді мамандар.