Парыз бен қарыз немесе ұлт қайраткері Жұмабек Тәшенов туралы бірер сөз

gggҚазақстанның жаһанда жер көлемі жағынан тоғызыншы мемлекет саналып, әлем елдеріне астықты эспорттайтын бестікке кіруінің астарында тұлғалардың ерен еңбектері, орасан зор күш-жігері жатқанын біреу білсе, бірі білмейді.
Кеңестік империяның құрсауындағы елдердің тарихы бұрмаланып, сол кездегі саяси ахуалға қарай икемделіп отыр­ды. Сондықтан болар тәуелсіздік тұғыры қонған сәтте де қаһарман тұлғаларды ескермей кейбір жағдайларда ұмытып, қоғамның рухани игілігіне жарата алмай отырған жайымыз бар. Ойымыздың өрнегін төтесінен кестелесек,  ұлтымызға ХХ ғасыр­дың екінші ширегінде рухани сәуле шашып, қазіргі мемлекет аумағының тұтас сақталып қалуға сүбелі үлес қосқан нар, алып тұлға – Жұмабек Ахметұлы Тәшенов. Бұл – даусыз, бұл – ақиқаттың ең шарықтау шындығы. Сөзіміз дәлелді, ойымыз айғақты болу үшін тұлғаның халық игілігі үшін сарп болған еңбектерін көзі көргендер мен шарапаты тиген қызметтес достары һәм замандастарының ойларын ортаға салсақ.  
 Жұмабек Ахметұлының билікке келуін Кәрішал Асан-ата «Шынжырда өткен жолбарыс…» кітабында былай өрнектейді: «…Тәшеновтің Республика деңгейіндегі бірінші басшылардың алдыңғысының біріне айналуына Хрущев пен Булгалиннің 1955 жылдың басындағы Үндістанға барған сапары бірден-бір себепкер болды. Шығысқа ұшып бара жатқан барлық ұшақтар жолда Ақтөбе аэропортында аялдама жасайтын. Мәскеуден Делиге дейін тура ұшатын лайнерлер ол кезде болмағандықтан Хрущев ұшағы Ақтөбеге табан тірейді. Аэропортқа обкомның бірінші хатшысы Ж.Тәшенов қонақтарға бас тартып қазақша сый-құрмет көрсетеді. Облыстың барлық жетістіктерімен таныстырады…». Міне, осылайша Хрущев көзіне түскен Жұмабектің қызметтік өрлеуі басталады. Орталық диктатураның қанша нұсқауы болғанымен ұлтын шексіз сүйген өр тұлға ұлт игілігі үшін атқарылған әрбір істің басында тұрды. Қазірде Республика сарайының алдында рухани сәуле шашып тұрған Абай ескерткішінің салынуы, репрессия құрбандарын ақтау комиссиясының төрағасы ретінде талай-талай мықтыларымыздың ақталуын жеделдетуі, сондай-ақ, қазақ кадрларын билікке тарту және т.б. тізбектеп келтіре беруге болатын қызметтері аз болған жоқ.
 
АЙДАҺАРМЕН АЛЫСҚАН…
Ташенов-23-1024x701Дегенмен де, Жұмабектің Отан алдындағы асыл парызын өтеудегі ең ұлы қызметін ғалым, жазушы, мемлекет қайраткері Әди Шәріпов естеліктерінде «Баяғы заманда Бөгенбай, Қабанбай, Кенесары мен Наурызбай сияқты батыр бабаларымыз қан төгіп сыртқы жаулармен соғысып, аман сақтап қалған қазақ халқының ата-мекенін Ресейге беріп жіберуге қарсы болған жалғыз адам – Жұмабек Тәшенов. Қазақ халқының ерте заманнан бері қоныстанған тамаша шұрайлы жерін, бір қатерден оның сақтап қалғанының куәсі болғанбыз», – деп жазады.
Хрущев ұсынысымен тың игерген 5 облыс Павлодар, Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарын Мәскеуге тікелей бағындыру жөнінде шешім қабылданар сәтте Жұмабек Тәшенов қарсылық білдіріп, Мәскеу басшысының мысын басатындай отты мына сөздермен: «Я родом из Акмолинска. Двенадцать лет работал в Северо-Казахстанской области. Мои родители и их родители, да и все наши предки покоятся в этой земле. И вы теперь хотите эту землю передать России? Вдумайтесь, товарищ, какой казах с этим согласится?.. Я, например, категорически против постановки данного вопроса!..», – деп бабалар жерін тұтас сақтап қалуға ықпал жасаған екен. Осы қарсылықтан кейін-ақ  Жұмабек қызметін дұрыс атқара алмады деп, Министерлер Кеңесінің төрағасы қызметінен босатылып (Премьер-министр) Шымкент қаласына қатардағы жұмысқа жіберіледі. Иә, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, кейінірек Қазақ КСР Үкіметін басқарған, ХХ ғасырдағы ең айтулы тұлғаларымыздың бірі Жұмабек Тәшенов Қазақстанның бес облысын – Ресейге, оңтүстіктегі Бос­тандық, Мақтаарал ауданын – Өзбекстанға, Маңғыстауды – Түркіменстанға бөліп беруді империяшылдық пиғылмен мақсат тұтқан Н.Хрущевтің содырлы саясатына «қазақтың даласы құрақ көрпе емес, әркімге үлестіріп бере беретін» деп атойлап қарсы тұрған дара, қаһарман қазақ. Бүгінде шын бағасын алмай жүрген ғасыр тұлғасы Жұмабек Тәшенұлы десек ешкім дауласа қоймас.
Мәскеудің нұсқауымен Жұмабек Ахметұлын талай рет жамандап, түрлі кінә тағуға тырысқан Исмайыл Юсуповтың өзі тұлғаның ел алдындағы азаматтық қызметін мойындап: «Қазақ халқы бір азаматқа қарыздар болса, ол осы Жұмабек Тәшенов болар. Ол ел алдындағы парызы мен қарызын адал атқарған адам. Ол ата-бабадан қалған кең байтақ қазақ жерін жанымен қорғап, сол үшін барлық игілігінен айрылған адам». Сірә, осыдан кейін де сөз қозғаудың өзі қиындау екен.
 
СӨЗ БЕН ІСТІҢ АРАСЫ
  Ташенов-1-1024x609Қостанай өңірінен ұлт дамуы үшін ерен еңбек еткен тұлғалар аз емес. Десе де, Жұмабек Тәшеновтың орны тым басқа, оған өз деңгейінде құрмет көрсетілу керек-ау. Көп адамдар Махамбет пен Мағжанның немесе Райымбек пен Мұқағалидың Қостанайға ешқандай да қатысы жоқ дер. Жоқ, мүлде олай емес, мемлекеттік деңгейде ойлап, ұлты үшін еңбек еткен Кенесары хан, Мұстафа Шоқай мен Тұрар Рысқұловтар, бәрі-бәрі қазақтың дарасы емес пе? Сондықтан да, қазір біздер жер басып жүрген даланы «аман алып қалуға» тер төгіп, ықпал жасаған Ж.Тәшеновке ең болмаса облыс көлемінде біраз шараларды атқаруды уақыт талап етуде. Бұл ойымызды жоғарыда отырған ағаларымыз қолдайды деген үміттеміз.
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ.
СУРЕТТЕРДЕ: Тау тұлға Жұмабай Тәшенов өмірінің кейбір сәттері
 

You may also like...

1 Response

  1. Бейсен айтты:

    «Қостанай таңы» газеті аннан-мұнан құрап жазатын көшірме газет сияқтысыздар ғой. Мына мақаланы оқып отырып осындай ойға қалдым. Ғылыми зерттеулерді айтпағанда, мақаланың ішінде келтірілген мына сөздер :

     «Бірақ Жұмекең ата-мекенді саудаға салуға, сөйтіп қазақ халқының алдында ауыр күнәға батуға әсте бармады, бірінші хатшының ілтипат көрсетіп, асты-үстіне түскенінен бойын ала қашты. Республика басшыларының бәрі дерлік Тың өлкесін РСФСР-ға беруге де, орталыққа тура бағындыруға да қарсы болмады. Тек баяғы заманда Бөгенбай, Қабанбай, Кенесары, Наурызбай сияқты батыр бабаларымыз қан төгіп, сыртқы жаулармен соғысып, аман сақтап қалған қазақ халқының атамекенін Ресейге беріп жіберуге қарсы болған жалғыз адам – Жұмабек Тәшенов. Нақтылап айтсақ, Н.Хрущев Қазақстан Компартиясы ОК-нің бюро мүшелерін түгел Мәскеуге шақырып, Қазақстанның солтүстігіндегі бес облысты Ресейге қосу туралы мәселені талқыға салған. Сонда Ж.Тәшенов тұрып: “Я родом из Акмолинска. Двенадцать лет работал в Северо-Казахстанской области. Мои родители и их родители, да и все наши предки покоятся на этой земле. И вы теперь хотите эту землю передать России? Вдумайтесь, товарищи, какой казах с этим согласится?.. Я, например, категорически против постановки данного вопроса!..” – деп тойтарыс берген… Осы бірауыз тарихи сөз Қазақстанның солтүстік аудандарын Ресей құрамына өтіп кетуден сақтап қалғаны айна-қатесіз ақиқат».деген сөздер солтүстік Қазақстан Облысының зеинеткері, Рүстем УӘЙІСОВ өзінің «АЛАШТЫҢ АСЫЛ ПЕРЗЕНТІ Жұмабек Тәшеновтің есімі – жадымызда» атты мақаласынан алынған. Ұялмай авторға сілтеме де жасамастан көшіре бересіздер ме ішікті  айналдырып? Және Жұмабек Тәшенов туралы жазғанда көзкөргендер мен үлкен ел ағалары жазу керек қой. Сонда Бас редактор қайда қарап отыр? Жастардың еш еңбектенбейтінін, өз заманы түгіл өткен заманға қалам сілтей алмайтынын білмей ме екен?!  Мақаланы құрастырған деп жазылуы керек қой. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓