Сағаға су келді

Ауылға су құбыры тартылуымен қосымша жұмыс көздері де ашылды. Құрылыс жүргізу кезінде отызға тарта жергілікті тұрғындар уақытша болса да жұмыспен қамтылса, қазір су тазарту станциясында оператор,
сантехниктен өзге тағы екі адам күзетшілік жұмысқа орналасты.

Мейрамхан Нұрбеков,
су тазарту қондырғысының операторы:
– Негізінен бұл жергілікті су тазарту станциясы заман талабына сай сенсорлық басқару тетіктерімен жұмыс істейді. Сонымен қатар, мембранды технология бойынша жаңа су тазарту қон-дырғылары орнатылған. Мәселен, барлық картриждік сүзгі-лердің атқаратын қызметі темірді жою, суды жұмсарту, суды хлордан тазалау және басқа міндеттерді орындау. Төрт сорғының күшімен мұнараға жиналған су ауылға жіберіледі.
Әзірге жұмыс барысында айтарлықтай қиындық жоқ. Күнделікті ісімізді мұқият қадағалап, халыққа уақытында су жіберіп тұрамыз.
Айжамал Баймырза,
ауыл тұрғыны:

Ауылға ұялы байланыс желісі орнатылып, жолымыз жөнге келсе деген қалауымыз бар. Қызбел ауылы аудандағы халық көп қоныстанған мекеннің бірі ғой, сондықтан да қолдаусыз қалмас деп ойлаймын.
Жанболат КЕНЖЕҒҰЛ,
ҚМУ журналистика мамандығының 2-курс студенті.
Жанкелдин ауданы.
Суреттерде: Су тазарту станциясының ішкі көрінісі; оператор Мейрамхан Нұрбеков; ауыл тұрғыны Айжамал Баймырза.