Оразаға қатысты ақыл-кеңес

Бүгін қасиетті Рамазан айы басталады. Сондықтан, мұсылман бауырларымыздың назарына пайдалы кеңестерді жарияламақпыз.
17 мамыр – Рамазан айының алғашқы күні. Күнделікті сәресі ішу таң намазына 10 минут қалғанда тоқтатылады. Маусымның 11-нен 12-не қараған түн (26-27 Рамазан) қасиетті Қадір түні.
Жалпы, ауызды ақшам намазының уақыты кіргенде құрмамен немесе сумен және т.б.тағаммен ашқан дұрыс. Бұл жайлы бұрын да жазылып, айтылды.10. Қостанай
Сондай-ақ, Тарауих намазы 16 мамырдан бастап, жасиқ намазынан кейін оқылады, одан кейін үтір уәжіб намазы жамағатпен оқылады.Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен бастап, айт күніне дейін беруге болады. Бірақ бірінші он күндігінде берген сауапты. Биылғы жылы Қостанай облысы бойынша пітір садақасының құны – 300 теңге.
Көпшілікке мәлім, жылда Оразадан кейін Ораза айт мейрамы басталады. Биыл ол 15 маусымға келіп тұр. Айт намазы облыс орталығында сол күні таңертең 7:30-да оқылады.
Ораза ұстаған адам ауыз бекітуге ниет қылады: «Алла Тағала үшін мүбарак рамазан айының оразасын таңнан күн батқанға дейін ұстауға ниет еттім».
Ауыз ашар дұғасы: «Жаратқан Ием, Сен үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Сен берген ризық несібеңмен ауыз аштым. Иә, кешірімді Алла! Менің алдыңғы және соңғы күнә кемшіліктерімді кешіре гөр!»
Биыл Ораза ұстауға тілек білдірген мұсылман бауырларымызға Рамазан айы құтты болсын. Ол сіздердің шаңырақтарыңызға тек қуаныш пен бақыт алып келсін деген ең ізгі тілегімізді білдіреміз.
 
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓