Тақтақ ақынның жинағы

НуржанӘдебиет тарихында лайықты бағасын алса да, шығармалары соңғы уақытқа дейін көпшілікке тұтас жетпей жатқан ақынның бірі біздің атақты жерлесіміз Нұржан Наушабайұлы. Оның өлеңдері кезінде аз да болса жарық көріп, белгілі әдебиетшілер пікірлерін білдірді, бірақ көп уақытқа дейін ақын шығармашылығы толық зерттелмеді. Ақынның «Алаш» деп аталатын кітабы Қостанай қаласында 1996 жылы басылған болатын. Алайда, бұл жинақ республикаға түгел таралып үлгермеді.
Нұржан ақынның «Ұйықтама, оян, Алашым!» деп аталған жинағы жақында Астанадағы «Фолиант» баспасынан ҚР Мәдениет министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңыз­ды түрлерін басып шығару»  бағдарламасы бойынша  екі мың дана таралыммен жарық көрді.
Кітапты құрастырған және  алғысөзін жазған Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры, халықаралық шығармашылық Академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі Ақылбек Шаяхмет.
Кітап назымдар, толғаулар, ғазалдар, термелер, әндер, айтыстар және мысалдар деп аталған бірнеше бөлімнен тұрады. Сонымен қатар жинақта кездесетін кітаби, діни және кірме сөздердің сөздігі берілген.
Сәлім
     МЕҢДІБАЙ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓