Ғалам телмірген ғаламтор

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде методикалық инновациялар апталығы басталды. Экономика факультетінің бухгалтерлік іс және аудит мамандығы «Ғаламтор біздің өмірімізде: пайдасы мен зияны» атты пікірталас ұйымдастырды. Шараның мақсаты ғаламтордың қоғамдағы рөлін анықтау, оның ақ-қарасын талдау болды.
         Дөңгелек үстел басына арнайы шақырылған қонақтармен қатар студенттер де жиналды. Алдымен, модератор Евгений Бедыч қатысушыларды екіге бөлді. Бірінші топ ғаламтордың пайдасын айтса, екіншісі зиянды жақтарын алға тартты. Пікірталас қызу түрде жүрді. Студенттер ұшқыр ой, ораторлық шеберліктерін байқата білді.
Айбек Науан, студент: Ғаламтордың пайдасы – ғаламдық тақырып.Айбек Науанов (1) Қазір көп нәрсені компьютер арқылы шешеміз. Біріншіден, уақыт үнемдеуге қолайлы. Керегіңді мезетте тауып аласың. Екіншіден, «айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызады». Кез келген елдің тұрмыс-тіршілігін, саясатын үйде отырып-ақ білуге болады. Өз басым, ғаламтордан спорт ойындарын көргенді ұнатамын. Мәселен, атақты «Уэмбли» футбол алаңында чемпиондар лигасының финалдық ойыны болып жатыр дейік. Ал, біз сол қызықты тікелей ғаламтордан қарай аламыз.      
Меруерт Тагленова, ҚМУ студенттер кеңесінің төрағасы:Меруерт Тагленова Ғаламтордың зиянды жақтары көп. Ең басты деп, оған деген тәуелділікті айтар едім. Әсіресе, замандастарымыз, жастар қауымы ұшыраған. Ғалымдардың зерттеуінше, компьютерді, телефонды көп пайдалану ойлау қабілетін төмендетуге әкеп соқтырады екен. Ғаламторды мүлде жоққа шығармаймын. Оны өз орнымен пайдалану қажет. Ал, тәуелді болу – қоғамдық дерт. Осыған байланысты қаншама жағдайларды естіп жатырмыз. Қазіргі ұрпақ еліміздің болашағын ойлауы керек.  
Пікірталасты сарапшылар қорытындылады. Екі топтың арасындағы шағын дода достықтың жеңісімен аяқталды. Кафедра меңгерушісі Елена Васильчук ақпарат алмасқан айдында ғаламтордың пайдасы мен зиянын білу керектігін айтты. Қатысушыларға алғысын білдірді.
 
Қасқырбай Қойшыманов

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓