Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы
2015 жылғы қаңтардағы Қостанай облысы бойынша күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 17930 теңгені құрады.
Күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасы – құнының шамасы бойынша ең төменгі деңгейдегі тұтыну қоржынына тең бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс.
Ең төменгі тұтыну қоржыны заттай және құндық шағылудағы тауарлар мен қызметтердің ең аз жиынтығы. Ол азық-түлік қоржынынан (60%) және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің (40%) шығыстарынан тұрады.
Азық-түлік қоржынына 43 тамақ өнімдерінің атаулары: ет, балық, сүт, май-тоң май, нан, жеміс-көкөністер және олардың түрлері, жұмыртқа, қант, шай, дәмдеуіштер және басқа тағамдар кіреді.
2015 жылғы қаңтарда 2014 жылғы желтоқсанға қатысты Қостанай облысы бойынша халықтың орташа жан басына ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 1,8% көтерілді және 17930 теңгені құрады (тамақ өнімдері – 10758 теңге, азық-түлік емес тауарлар және ақылы қызметтер көрсету – 7172 теңге).
Оның құрылымында ет пен ет өнімдерін сатып алуға кеткен шығыстар үлесі 19,3%, сүт, ірімшік пен жұмыртқа – 13,5%, көкөністер мен жемістерді – 11,6%, нан және жарма өнімдері – 7,8%, май және тоң-май – 4,0%, қант, шай және дәмдеуіштер – 2,2%, балық – 1,6% алады.