Жастарға жат ағымдар жайлы түсіндірді

Сарыкөл ауданында "ҚР психологтар ассоциациясы" ҚҰ және Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты бойынша басқармасының бірлесіп ұйымдастыруымен жат ағымдарға арналған семинар өтті.
Жалпы, семинарға аудандағы көшбасшы жастар қатысып, оны жоба үйлестірушісі  Юлия Калюжная жүргізді. Ол алдымен, дәстүрлі дін және  діни секталар туралы шағын дәріс оқыды.  Содан соң дінге табыну белгілері нышанын  үштік жұмыс арқылы жеткізді.  "Сананы жаулап алу" деректі фильмінен үзінді көрсетіп, ол туралы пікірталас ұйымдастырды. Сондай-ақ, діни ағымдардың негізгі сипаттамаларын презентациялармен кел-тіріп, тағы да шағын дәріс оқыды.  Одан кейін экстремизм және терроризм діни ағымдары туралы бейнебаяндардан үзінді көрсетті. Онда "Қазақстандағы терроризм" және "Террористердің қалай жасақталатыны"  туралы тілге тиек етілді.  Сонымен қатар, сананы улайтын теріс әдістерге  талдама жасалды. Жалпы, жат ағымдар жайлы ауқымды түрде айтылған семинарда сарыкөлдік жастар сүйекті мәселелер мен сүбелі мәліметтерге қанықты. 
Руслан  
      ӘЛКЕЕВ
Сарыкөл ауданы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓