Ерінбей еңбектенсең…

кәсібін нәсіп еткенБүгінгі таңда өңіріміздің экономикалық дамуына  шағын және орта кәсіпкерліктің  қосып отырған үлесі де айтарлықтай. Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің үс-тіміздегі жылғы Қазақстан хал-қына арнаған "Нұрлы жол – болашаққа  бастар  жол" Жолдауында  шағын және орта бизнесті, іскерлік бизнесті қолдау мақсатындағы жұмысты жалғастыру, жеңілдікпен несие бөлу керектігін сол секілді ШОБ-ты экономикалық өсімнің драйвері ретінде дамыту қажеттігін атап көр-сеткен-ді. Сондықтан да қолға алып бастаған кәсібін одан әрі дамытып, ісінің аяқсыз қалмауын қадағалап, әр ісін жауапты да тыңғылықты атқарып, кәсібін нә-сіп етіп отырған жандар  Ұзын-көл ауданында да аз емес. Солардың бірі  – Серік Бесимов.
Серік  осы ауданның тумасы. Орта мектепті бітіріп, қатарынан қалмай  оқуға түсті.  Бала кезінде хирург-дәрігер болсам деп армандаған еді. Алайда, есейе келе қиял арманы артта қалып, математик-информатик мамандығы бойынша техникалық білімге қол жеткізді. Көп кешікпей досының кеңесімен жеке кәсіпкерлікке бет бұрды.
– Жеке іспен айналысуыма өмір ағымы алып келді. Қазіргі кез іскерліктің, белсенділіктің уа-қыты. Көштен қалмауымыз керек. Жылдан-жылға ісімді дамытып, жаңа серпінмен жұмыс жасағым келеді.  Алғашқы  жылы жеке ісімді бастағанымда тек қана  бір компьютер, принтер болған еді. Қазір міне, қажетті  техникамды толықтай жабдықтап баспа саласы бойынша кәсібімді дамытып отырмын. Әр мамандықтың өзінің қиындығы да, қызығы да болады, бірақ өзіме жасап жүрген ісім ұнайды. Алдағы жылдарға жоспар құрып, ісімді кеңейткім келеді. Халыққа қызмет етіп, жұмыс жасау қызықты ғой! Бұдан басқа қолым босаған уақытымда қосымша табыс көзі ретінде  ауданнан  Қостанай қаласына жолаушылар  тасымалын жасаймын. Кей  кезде  фотосуретке түсіру ұсыныстарымен жұртшылық той-думандарға шақырады. Бұның бәрін қалай үлгіртеді деп  ойлап отырған боларсыздар. Әрине, көмекке келетін, қол ұшын беретін жақындарым бар.  Жолдасым Гүлжан шақырған той-домалақтарда маған көмек көрсетіп, бірге жүреді. Ал,  балаларымызды бізге қолбайлау қылмай, көмектесіп, бағып-қағып отырған ата-анамызға   мың да бір рахмет, – дейді Серік.
Гүлназым
    САҒИТОВА
Ұзынкөл ауданы
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓