Досы көпті дау алмайды

за столом2JPGӨздеріңізге белгілі, бүгіннен бастап елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған шаралар бастау алады.
Достық – құдіретті күш. Қазақстанда ұлттар  достығының тамаша институты құрылған және оны  мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың тамаша құралы деуге болады. ҚХА  осы жиырма жылдың ішінде өзінің қоғамдағы рөлін айқындап берді. Басқасын былай қойып, жан-жағыңызға көз жүгіртіңізші. Төрткүл дүниеде болып жатқан түрлі дүрбелеңдер біздің елде бар ма? Мұны мен тұрақтылық пен  ұлтаралық келісімнің жемісі дер едім. Біздің ұстанған  бағытымыз дұрыс. Енді осы жұмыстың ауқымын одан әрі кеңейте беруіміз керек. 
Біздің  солтүстік  өңірде  бірнеше  ұлт  пен  ұлыс өкілдері бір отбасының балаларындай тату тұрады. Өткен ғасырлардың бас кезінде Қостанай облысының аумағына  жүздеген отбасылар сырттан қоныс аударды және бұл бірнеше кезеңдер арқылы жүзеге асты.  Одан кейін қуғын-сүргін жылдары, Ұлы Отан соғысы кезінде  көптеген ұлт өкілдері мәжбүрлі түрде көшірілді. Тобыл төсіне тың және тыңайған жерлерді игеру жылдары келген кісілер де аз емес. Міне, осының өзі елімізді достық мекені ретінде әлемге паш етті. Біздің бәріміз ортақ іске жұмыла білдік. Сол арқылы дамыған Қазақстанды құрып жатырмыз. Бүгінде Қазақ елін бүкіл әлем өзіндік саяси көзқарасы қалыптасқан мемлекет ретінде таниды.
Елбасы Н.Назарбаев дамыған отыз елдің қатарына ену міндетін жүктегені мәлім. Біз бір жұдырықтай жұмылғанда ғана ел еңсесін тіктей алатындығымызға сенімім зор. Президент өзінің "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты  Жолдауында ұлтаралық келісім мен тұрақтылық мәселесіне бекерден-бекер тоқталған жоқ.  Қазақ елі – біздің ортақ үйіміз. Достарымыз да  әр ұлттың өкілдері және ешқашан бөлінген емеспіз.
Антон Труханов,
Қостанайдағы "Достық үйінің" директоры.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓