Біз бір туғандаймыз

РубинштейнчбБертран
РУБИНШТЕЙН,
Қостанай қаласының Құрметті азаматы, ҰОС-ның және темір жол саласының ардагері:
– Түркіменнің астанасы Ашхабадта туып өстім. Мәскеу қаласында оқыдым. 1941 жылы шілде айының басында соғысқа алындым. Ұлы Отан соғысы аяқталған соң тағдырдың жазуымен қазақ даласына табан тіредім. Қазақстанды өзімнің Отаным деп есептеймін. Себебі менің жастық шағым, өмірімнің 65 жылы осында өтіпті.
 Атырау мен Алтай, Еділ мен Жайық арасындағы атырап маған таңсық емес. Республикамыздың түкпір-түкпіріндегі азаматтарды бауырымдай көремін. Еңбек жолымды Ақмола темір жолында бастап, 1960 жылы  Қазақстан темір жолы Қостанай бөлімшесінде жалғастырдым. Қызмет бабында еліміздің әр аймағындағы азаматтарды жолықтырып, таныс-біліс болдым. Сондағы байқағаным, қазақ даласы бауырмалдықтың ордасы секілді.
Қазіргі күні жер бетінде татулық пен бірлік бағалы. Тыныштықтың берекеге бастайтыны айтпаса да түсінікті. Ауызбіршілік, достық ұғымдары тәуелсіз еліміздің басты ұстанымына айналғалы қашан. Біздің мемлекетіміздегі бейбіт тірлік Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында мүмкін болып отыр.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓