Ынтымағы жарасқан…
НӘБИЕВА,
Бірлік" әзірбайжан этномәдени бірлестігі жастар қанатының төрайымы.
Мемлекеттің экономикалық жағынан табысты өркендеп өсуі, халықтың әл-ауқатының жақсаруы, демократиялық дамуы, ең алдымен, қоғам бірлігі ұйысқан, сақталған жағдайда ғана жүзеге асады деп ойлаймын. Оның дәлелі – Қазақстандағы толеранттылық пен тұрақтылық. Айналамызға жіті қарасақ, бізді қоршаған әлемдегі жағдай өзгеру үстінде, оның мемлекетімізге тигізер ықпалы, әсері болары сөзсіз. Сондықтан да бірлігі мен ынтымағы жарасқан, сан ұлт пен ұлыс өкілдері тұрып жатқан мемлекетіміздің, қоғамымыздың және отбасымыздың біртұтас мыз-ғымастығына бағытталған рухани салт-дәстүрлерімізді, адамгершілік құндылықтар мен дүниетанымдық ұстанымдарымызды сақтап қана қоймай нығайтуымыз керек. Жас ұрпақты сыйластық, адамгершілік, еліне, жеріне, Отанына, халқына адал қызмет жасау секілді құндылықтар рухында тәрбиелесек үлкен жетістіктерге жетеміз.
Биыл Қазақстан халқы ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толып отыр. Елімізде ұлтаралық ынтымақ пен бірліктің салтанаты – барлық қазақстандықтар үшін үлкен құндылық, жетістік. Осы жетістігімізді мақтаныш тұтып қана қоймай, сақтауымыз, нығайтуымыз керек. Біздің елімізде сан алуан ұлт өкілдерінің діні мен салт-дәстүрін, мәдениетін жаңғыртуға бар жағдай жасалған, жексенбілік мектептер жұмыс істейді. Осыдан-ақ, Қазақстанда өзге ұлт пен ұлыс өкілдеріне қандай жағдай жасалғанын айқын көруге болады. Сондықтан этносаралық және конфессияаралық өзара түсіністік пен төзімділікті қалыптастыру – кең байтақ мемлекетіміздің бейбіт те, орнықты дамуының кепілі болмақ.