Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу

Атаулы датаға орай қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, халқым деп  қам қылғаны үшін саяси қуғында жүріп, құрбан болған  Міржақып Дулатовтың аруағына құран бағыш етілді.88kaaVjk-xk Тұлғаның туған жері Қызбел ауылындағы «Мадияр баба» мешітінің имамы бастаған топ Бидайық елді мекеніне барып қайтты. Ол жерде алаш арысының кесенесіне соғып, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына  арнап құран оқыды. Одан соң Нағашыбай Бірманов сынды азаматтың нұсқауымен Міржақып Дулатовтың мұражайын тамашалады. Бұдан кейінгі шаралар ауыл мешітінде қайта жалғасын тапты. Үлкендер жағы жастарға сол кезеңнің қиындығын жеткізіп жатты. Тіпті ауыл ақсақалдарының бірі Өтеш қария репрессияға ұшыраған қызбелдіктердің аты-жөнін анықтап, тізім жасап жатыр екен. Бұл тізімді негізінен Міржақыппен рулас ағайын-туыстары және көзі ашық оқығандар тобы құрайды.7F0zBWa13fY Аяқталмаған тарихи мәліметтер әлі де көп зерттеуді қажет етеді дейді ауыл ақсақалы. Реті келген тұста ақсақал өзімен ала келген өлең жолдарын көпшілікке оқытты. Ондағы мақсаты жастар жағы сол уақыттағы оқиғаларды ұғына білсе, түсінсе екен деген ниет болса керек. Өлеңнің авторы досы әрі ағайыны Сәрінжіп Дайырұлы.  1991 жылы жазылған бұл шығарма еш жерде жарияланбаған екен.
Оқырмандарға ұсына кеткенді де жөн көрдім:
                       
                                              
 
Отыз жеті… Оты шарпыды өлкемді,
Қара шаңырақ қара орманым өртенді,  
Аждаһаның аранына жұтылып, Болашағым бұлдыр тартты ертеңгі.
 
Отыз жеті… Оралғандай зар заман,
Ажал күйі шегін тартып сарнаған,
Қуғын-сүргін мекеніне айналды,
Сары белім, сағым ұшқан сар далам
 
Күнім үшін қу заманмен үйлестім,
Құл пендеге үлестірмес сыйды ешкім,
 Қаймағымды қалқып беріп басқаға,
 Бассыз дене қалғандайын күй кештім.
 
Арыстарым періштедей таза жан,  Құтылмады құрықтаған жазадан,
Жаны жайсан, жампоздарды жоғалтып,
Сар далада күңіреңді азалы ән.
 
Көкірегінде көрген ой сан арман,
Алты алаштың ардақтысы саналған
Ерте оянып, елді оятқаны үшін де,
 Бабаларым тар қапасқа қамалған.
 
 
 
 
 
 
 
Қанды қырғын зобалаңға ұласты,
Жанын сақтап қанша бауыр қыр асты,  Карлаг, Алжир аналарды азаптап,
Жан төзбейтін қорлық берді тым ащы.
 
Жәбір көріп жақыннан да, бөтеннен,
Қиянатты халқым талай көтерген,
Тарихыма көз жібермей бір мезет,
Өткеніме соқпай қалай өтем мен.
 
Халқы үшін, қиып байлық, бақ бәрін,
Аңсады олар азаттықтың ақ таңын,
Арыстарым тәуелсіздік құрбаны,
Арыстарым мәңгі менің мақтаным.
 
Ұлдарыңның ұлылығын кеш танып,
Құрбандарын кеш те болса еске алып,
Жарақатын жаба тоқып жүретін,
Біз секілді жоқ-ау деймін еш халық.
 
Айналса да тарих кші тым сылбыр,
Үзілді ақыр темір бұғау, қыл шылбыр,
О, тәңірім, елімді енді мұңсыз қыл,
Қуғын-сүргін құрбандарын еске алып,
Арыстарды ардақтайтын тусын жыр.
 
 
Жанболат КЕНЖЕҒҰЛ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓