Алыпсатарлық баға негізсіз өсірілген

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті баға мониторингінің нәтижелері бойынша қант бағасының алыпсатарлық өсу белгілерін анықтады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта нарық субъектілерінің үлесін айқындау мақсатында ірі өнім берушілер атына сұрау салу жіберілген. Монополияға қарсы талқылау қорытындысы бойынша, тиісті шаралары қабылданады.
"Монополияға қарсы департамент дүрлігуге жол бермеуге шақырады және бәсекелестікке қарсы келісімдер, келісілген іс-әрекеттер нәтижесінде алыпсатарлық бағаның өсуі, сондай-ақ жағдайды теріс пайдалану монополиялық табысты (таза пайданы) тәркілей отырып, табыстың 3-5 пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын ескертеді", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, кейінгі бірнеше күнде әлеуметтік желілерде кейбір азық-түлік тауары, соның ішінде қант тапшылығы туралы түрлі ақпарат тарады. Бұл сұраныстың артуына және базарда алыпсатарлық әрекеттердің туындауына алып келді. Осыған қатысты Сауда және интеграция министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі дүрбелеңге ермеуге шақырған болатын.
Ал Қостанай облысында қант сатып алуға қосымша 850 млн теңге бөлінеді. Бұл туралы аймақ басшысы әкімдіктегі жиында мәлімдеді. Сатып алынған өнім Тұрақтандыру қоры арқылы сауда орындарына жіберіледі. Әзірге супермаркеттерде қант шектеулі көлемде сатылып жатыр. Бағаны бақылап отыру үшін қалалар мен аудандардың әкімдіктері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына күнделікті мониторинг жүргізеді.           

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓