Тіл – тұнық ойдың кәусары
Осындай атаумен үш тілді жетік меңгерген жастар арасында облыстық байқау өтті. Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы жастардың тіл білімін жетілдіру, өзге ұлттың мәдениеті мен тілін құрметтеуге баулу мақсатын көздеген екен. Білім жарысына 20-25 жас аралығындағы жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысты. Қатысушылардың жазу сауаттылығы, сұрақтарға нақты және мазмұнды жауап беруі назарға алынды. Үш сатыдан тұрған сынақта үздік нәтиже көрсеткендер жеңіс тұғырынан көрінді. Олар дипломдармен, алғыс хаттарымен және басқа да сыйлықтармен мараптталды.
Махаббат Бекбай
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков