Өңірде шетелдік жұмыс күшінің саны артып келеді

Кедендік Одақ мемлекеттері тек сауда-экономикалық жағынан әріптес болып қана қоймай, аталған елдердің заңды құқығының сақталуына да ерекше басымдық береді. Соның бір көрінісі – еліміздегі еңбек құқығының тұрақтылығы. Бірыңғай экономикалық кеңістік аясы еңбек күшінің де артуына зор ықпалын тигізуде. Осы бағытта ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Инте-грацияның 80 күні" ақпараттық шарасы аясында республиканың бірқатар аймақтарымен селекторлық режимдегі бейнеконференция өткізді.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарымен ұйымдастырылған бейнебайланысқа біздің өңірімізден билік және бизнес саласы өкілдері қатысты.
Тікелей эфир кезінде сөз ал-ған облыс әкімінің орынбасары Серік Бектұрғанов өңірімізде соңғы үш жылда көршілес Ресей мен Беларуссиядан келген еңбек мигранттары санының артқанын жеткізді:
– 2011 жылдан бері аймағымызда еңбек миграциясы бағытындағы тұрақтылық бірқалыпты деңгейде артып келеді. Үш жылдың аралығында 148 мың ресейлік және 2,5 мың Белоруссия азаматы тіркелген. Тек былтыр Қостанай облысына Ресейден жұмыс іздеп келгендер саны 349 адам болса, биылғы жылдың алғашқы төрт айында 128 адам келіпті. Аталған екі мемлекеттен еңбек мигранттарының келуінің арта түсуі сөз жоқ, Қазақстанның Кедендік Одаққа енуінің арқасы, – деп атап өтті С.Бектұрғанов.
Атап өтетін жәйт, Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында әріптестікке қол жеткізген Кедендік Одаққа мүше мемлекеттер өңіраралық байланыстарды нығайтуға айрықша басымдық беріп отыр. Жыл сайынғы ҚР мен РФ Мемлекет басшыларының қатысуымен ықпалдастықты арттыру жөнінде форумдардың өтуі осының айғағы.
Сонымен қатар, әріптес елдердің байланысын нығайту мақсатында жүзеге асырылып жат-қан "Экспортер-2020" бағдарламасы бойынша мемлекет тарапынан қазақстандық экспорттаушы кәсіпорындарға сервистік және қаржылай қолдау көрсету қарастырылған. 

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓